Үкімет

К.Мәсімов: Ұлттық банк теңгенің нарықтық айырбас бағамының қалыптасуына араласпайды

Ұлттық банк теңгенің нарықтық айырбас бағамының қалыптасуына араласпайды, деп хабарлады ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Қазақстан Республикасы Үкіметінің селекторлық отырысында.
Астана қаласы20 Тамыз , 09:41

«Ұлттық банк теңгенің нарықтық айырбас бағамының қалыптасуына араласпайды. Алайда өзіне еліміздің қаржы жүйесіне тұрақсыздану қаупі  төнген тұста валюталық интервенцияны жүргізу арқылы ішкі валюталық нарыққа қатысу құқығын қалдырады», - деп мәлімдеді Үкімет басшысы.

Премьер-Министр түсіндіріп кеткендей, айырбас бағамының нарықтық сұраныс негізінде қалыптасуы экономикалық өсімнің қалпына келуіне, жаңа жұмыс орындарының пайда болуына, несиелік және инвестициялық белсенділіктің артуына, инфляция деңгейінің орташа мерзімде 3-4%-ға дейін төмендеуіне сеп болады.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика