Адамзаттық капитал

Жас курсант-авиаторлар Л-39 реактивті ұшағын сынауда

Балқаш қаласына қарасты 53898 әскери бөлімінің авиациялық оқу-жаттығу базасында Талғат Бегелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштері әскери институтының 3 курс тәлімгерлерімен ұшу сынақтары басталды, деп хабарлады ҚР ҚМ баспасөз қызметі.
Қарағанды 20 Тамыз, 20:43

Курсанттар жоғарғы әскери оқу орнында меңгерген теориялық білімдерін іс жүзінде қолданатын болады. Болашақ ұшқыштар қозғалтқыштың жабдығы, ұшақтың құрылысы туралы білімінен өзге де ұшу жұмыстарын реттейтін және ерекше жағдайлардағы іс-қимыл бойынша нұсқаулық құжаттарын зерделеуі қажет. Ұшу басталғанға дейін барлық курсанттар құрлықтағы даярлық курсы бойынша сынақтарды сәтті тапсырып, реактивті Л-39 оқу-жаттықтыру ұшағымен ұшуға кіріседі.

Балқаш қаласына қарасты 53898 әскери бөлімі авиациялық оқу-жаттығу орталық мамандарының Л-39 ұшағында ұшқыштарды даярлауда мол тәжірибесі бар. Осылайша жылдан жылға ұшу мұрасын тапсыру ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келеді.





Дерекнама

Яндекс.Метрика