Үкімет

Ұлттық банк пен ҚР Үкіметі валюталық дәлізді алып тастау және еркін айырбас бағамына көшу туралы шешім қабылдады

Ұлттық банк пен ҚР Үкіметі валюталық дәлізді алып тастау және еркін айырбас бағамына көшу туралы шешім қабылдады, деп хабарлады ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Қазақстан Республикасы Үкіметінің селекторлық отырысында.
Астана қаласы20 Тамыз , 09:33

«Бүгінде әлем экономикасындағы жағымсыз факторларды есекеретін болсақ, Үкімет пен Ұлттық банк бірлесіп ұзақмерзімді экономика өсімімі мен жұмыспен қамту мәселесін қамтамасыз ету мақсатында құрылымдық реформалар жиынтығын жасақтауда. Елбасының Ұлттық банкке берген  тапсырмасын орындау мақсатында болшақта орташа мерзімде инфляциялық таргеттеуге көшу бойынша шаралар кешені жүзеге асырылады», - деп мәлімдеді Үкімет басшысы.

К. Мәсімов еске салып өткендей, ағымдағы жылдың 15 шілдесінде Ұлттық банк валюталық дәлізді кеңейту туралы шешім қабалдаған болатын Себебі экспорттық табыстың төмендеуі республикалық бюджетке және еліміздің төлем балансына кері әсерін тигізуде.

«Осы ретте экономикалық саясат  өндірістің құлдырауын, инвестициялық және несиелік белсенділіктің төмендеуін, жұмыссыздықтың артуын болдырмау мақсатында әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталады», - деп жалғастырды ҚР Премьер-Министрі.

Оның айтуынша, жаңа экономикалық саясат бүгінгі экономикалық жағдайда жаңа қаржы-несие саясатын қажет етеді.

«Осы ретте Ұлттық банк пен ҚР Үкіметі 2015 жылдың 20 тамызынан бастап жаңа қаржы-несие саясатына көшеді. Шектелген валюталық дәлізді алып тастайды», - деп мәлімдеді К. Мәсімов.

Бір сөзбен айтқанда, ҚР Үкімет басшысының айтуынша, теңгенің айырбас бағамы нарықтық сұранысқа байланысты жасақталады.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика