ҚР Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы

Маңғыстау облысында жаңа оқу жылында екі мектеп пайдаланылуға беріледі

Маңғыстау облысында жаңа оқу жылында жаңа екі мектеп пайдаланылуға беріледі, деп хабарлады аймақ әкімдігі білім беру басқармасының бастығы Зейнеп Тестеміроваға сілтеме жасай отырып.
Маңғыстау20 Тамыз , 16:19

Ол атап өткендей, аймақтағы мемлекеттік күндізгі жалпы білім беру мектептерінің саны - 131. «2015 жылдың желтоқсанына дейін Маңғыстау облысында 2 мектеп ашылады. Сонымен қатар, 1 қыркүйекте Қарақиян ауданында 2 мектеп ашылады. Барлығы жаңа оқу жылында 133 мектеп жұмыс істейтін болады», - деді З. Тастемірова. 

Аталып өткендей, жаңа оқу жылында аймақтың мектептерінде 111 мыңнан астам оқушы білім алады. Ал, алғаш болып партаға 15 мың бірінші сынып оқушылары отырады.

Ағымдағы жылы оқу құралдарымен 4, 5, 6, 7 сынып оқушыларын қамтамасыз ету – 100% құрады, бұл мақсатта жергілікті бюджеттен 583 558 млн теңге бөлінді.

Айта кетерлік жайт, оқу құралдарына бөлінген қаражат өткен жылмен салыстырғанда 187 млн теңгеге  артық. Бүгінде оқулықтарды тарату жұмыстары жүргізілуде. 




Дерекнама

Яндекс.Метрика