Мемлекеттік басқарудың жаңа түрі

Жоғарғы сот: Қазақстанда судьялық қызметке үміткерлерге қойылатын талап күшейтілген (ВИДЕО)

Қазақстанда сот төрағалығы қызметіне үміткерлерге қойылатын талаптарды күшейту шараларының мақсатын ҚР Жоғарғы сотының судьясы Амангелді Сәрсенбаев «Strategy2050.kz» АА берген эксклюзивті сұхбатында түсіндірді.
Астана қаласы 20 Тамыз, 12:03

«Бүгінгі таңда судьялардың іс-тәжірибеден өтуі артуда. Рас, бұған дейінде бұл салаға көңіл бөлініп келген. Алайда ертеректе іс-тәжірибеден жұмыстан қол үзбей ара-арасында өтуге болатын. Бүгінде бұл процеске өзгерістер енгізілуде. Енді судьялыққа үміткер бір жыл бойы  іс-тәжірибеден өтуге міндетті, ол үшін арнайы жұмыстан босатылып, оған стипендия бөлінеді.  Үміткердің бір жыл іс-тәжірибеден өтуі ауадай керек, сонда ғана ол процеске бойын үйретеді және қаншалықты психологиялық тұрғыда салмақ түсетінін сезінеді. Судья процесс барысында тек қаралып отырған істі ғана ойлау керек», - деді А.Сәрсенбаев.

Естеріңізге сала кетейік, Ұлт жоспары – «Заң үстемділігін қамтамасыз ету» реформасында ҚР Президенті сот төрағалығына үміткерлерді іріктеу талаптарын күшейту керектігін атап өткен болатын.

Міндетті норма – сот процестерінде 5 жыл жұмыс өтілі болуы тиіс. Үміткерлер бірінші 1 жыл бойы стипендия төленетін іс-тәжірибеден өтеді, кейін Ұлт жоспарының 17 қадамында көрсетілгендей 1 жыл сынақ мерзімінен өтеді.

Ботагөз Айтжанова 





Яндекс.Метрика