Адами капитал

«Мерейлі отбасы»: Жүгүнісовтардың шығармашыл әулеті музыканы жән-тәнімен сүйеді

Жүгүнісовтар отбасын қазақстандықтар, дәлірек айтсақ астаналықтар өте жақсы таниды. Ағайынды Жүгүнісовтар әсем дауыстарымен мемлекеттік мерекелерде немесе бейресми шараларда халықты қуантып келеді.
Астана қаласы20 Тамыз , 11:02

Осы отбасының үш баласы ата-ана жолын қуған, Яғни сахнаны таңдаған. Ерболат пен Айнұр балаларының барлық бастамаларына әрқашан қолдау көрсетіп келеді.

Балалар жастықтарына қарамастан аймақтық, республикалық, халықаралық байқаулардың жеңімпаздары атанып үлгерген. Үлкен ұлы Рүстем бүкіл Қазақстанға танылды, ол Х-фактор байқауының финалисті атанды. Ал, 11-жасар Мұхаммедәли «Новая волна» балалар фестивалінен қола жүлдені алып келді және «Аялаған Астана» байқауында бас жүлдені иеленді. Енді алдағы қазан айында Мұхаммедәли «Жыл әніне» қатысатын болады. Бүгінде, әулеттің сүт кенжесі 2 жасар  Альтаирда музыка аспаптарына қызығушылық танытады.

Отанасы Айнұр Жүгүнісова атап өткендей, үлкен ұл Рүстем музыкалық байқау «Turkvision» қатысуды жоспарлап отыр, осы жылы ортаңшы ұлдары Мирас пен Мұхамедәли музыкалық академияға оқуға түсті. Айнұр Жүгүнісованың ұлдары бұл жолды өздері таңдап, өз күшімен грантқа түскен.

Айта кетерлік жайт, бүгінде Рүстем, Мирас пен Мұхамедәлидің триосы күннен күнге қазақстандықтардың арасында көбірек танылуда. Анасының айтуынша, олар кез-келген материалды оп-оңай игеріп алады. Өзінің балалары үшін Айнұр тек қамқор ана ғана емес, сонымен қатар талабы зор продюсер. Әрине балалар өздерінің еңбектерімен қол жеткізген наградаларымен мақтана алады, алайда олардың басты байлығы – отбасы, дәстүрі, бірлігі мен үйлесімділігі.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика