Ұлт денсаулығы - табысты болашағымыздың негізі

Джакартада ИЫҰ-на мүше мемлекеттердің 2014-2023 жылдарға арналған Денсаулық сақтау саласындағы іс-қимылдарының стратегиялық бағдарламасының жобалары қаралды

2013 жылғы 21-24 қазан аралығында Джакарта қаласында (Индонезия) Ислам Ынтымақтастығы Ұйымына (ИЫҰ) мүше мемлекеттердің Денсаулық сақтау министрлерінің 4-ші конференциясы және Басқарушы комитеттің 7-ші отырысы өтті, деп Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарланды.
Әлемде24 Қазан , 16:22

«ИЫҰ мүше мемлекеттерінің Басқарушы комитетінің 7-ші отырысы шеңберінде ИЫҰ қатысушы-мемлекеттерінің 2014-2023 жылдарға арналған Денсаулық сақтау саласындағы іс-қимылдарының стратегиялық бағдарламасының жобалары, сондай-ақ, аталмыш Бағдарламаны іске асыру жоспары қаралды және келісілді. Бұдан басқа, қатысушылармен декларацияның жобасы мен бес қарарының жобалары қаралды және келісілді», - деп хабарламада нақтыланған.

 Қазақстан делегациясын ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Е.Ә. Байжүнісов бастап барды. Сондай-ақ, делегация құрамына Индонезиядағы ҚР Төтенше және Өкілетті елшісі А.Т. Оразбай және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Денсаулық сақтау саласындағы менеджментті дамыту басқармасының басшысы Қ.А. Ерғалиев кірді. 

Басқарушы Комитеттің 7-ші отырысының қорытындысы бойынша, көрсетілген құжаттардың жобалары қатысушылармен келісіліп, ИЫҰ мүше мемлекеттерінің Денсаулық сақтау министрлерінің бекітуіне жіберілді.

ИЫҰ мүше мемлекеттерінің Денсаулық сақтау министрлерінің  4-ші Ислам конференциясы барысында қазақстандық делегация басшысы сөз сөйлеп, төрағалықты Қазақстан Республикасына тапсыру салтанаты, сондай-ақ панельдік сессиялардың жұмысы өткізілді. 

Өз баяндамасы барысында ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі  Е.Ә. Байжүнісов халық денсаулығын жақсарту жөнінде Қазақстанда жүргізіліп жатқан іс-шаралар туралы жан-жақты хабардар етті. Атап айтқанда, туберкулезбен күресте, ана мен бала өлім-жітімін, қан айналым жүйесінің ауруларынан болатын өлім-жітімді төмендетуде, сондай-ақ азаматтардың орташа өмір сүру ұзақтығын көбейтуде Қазақстанның айтарлықтай табыстарға қол жеткізгендігі айтылды.

Бұдан басқа, қазақстандық делегацияның басшысы көптеген елдер үшін экономикалық дамудың мәселелерін талқылау алаңы болып табылатын, Қазақстанда жыл сайын өткізілетін жаһандық форум – Астана экономикалық форумы (АЭФ) туралы айтты. АЭФ шеңберінде бүгінде үшінші жыл денсаулық сақтау саласы бойынша секциялар өткізу жоспарланып отырғандығына баса назар аударылды. Сонымен бірге, Е.Ә. Байжүнісов   2013 жылғы 6-7 қарашада Алматы қаласында ДДҰ және ЮНИСЕФ ұйымдарының техникалық қолдауымен өткізілетін, тағы бір жаһандық маңызы бар конференция – ДДҰ МСАК жөніндегі Алматы декларациясының 35 жылдығына арналған халықаралық конференцияны өткізу жоспарланғанын еске салып өтті.    

Төрағалықты Қазақстан Республикасынан Индонезияға өткізудің ресми салтанатынан кейін, Индонезия Республикасының Денсаулық сақтау министрі доктор Нафсия Мбои өз баяндамасында Қазақстан делегациясына табысты төрағалығы үшін алғысын білдірді.

ИЫҰ мүше мемлекеттерінің Денсаулық сақтау министрлерінің  4-ші Ислам конференциясының жұмысы барысында халықаралық сарапшылар туберкулезбен күрестегі Қазақстанның айтарлықтай ілгері басқанын көрсетті. Осыған орай төраға туберкулезбен күрес жөніндегі панельдік сессияда Қазақстан делегациясының модератор болуын ұсынды.

Қазақстанның ИЫҰ-дағы төрағалығы шеңберінде 2011 жылғы  29 қыркүйектен 1 қазанға дейінгі аралықта Астана қаласында Денсаулық сақтау министрлерінің Үшінші Ислам конференциясы өткенін, ол конференцияның біздің еліміз үшін маңызды кезең болғанын, ал Астана декларациясына қол қойылуы және бірқатар резолюциялардың қабылдануы Қазақстандағы бірқатар белгіленген міндеттерді іске асыруда іргетастық негіз қалауға мүмкіндік бергендігін атап өту қажет. 

ИЫҰ шеңберіндегі іс-шаралар қорытындысы бойынша Индонезия Республикасының Вице-президенті Боедино қатысушылармен кездесу өткізіп, онда осы ұйымның  ИЫҰ қатысушы-мемлекеттеріндегі денсаулық сақтау жүйелерін жақсартудағы маңызды үлесі туралы атап өтілді, сондай-ақ Индонезия Республикасының Денсаулық сақтау министрі Н.Мбои атынан ресми қабылдау өтті.




Яндекс.Метрика