Әлеуметтік саясаттың жаңа принциптері

Павлодарда ТМРА басшысының қатысуымен өткен «дөңгелек үстелге» қатысушылар тұтынушылар құқығын қорғау мәселелерін талқылады

Павлодарда өткен бүгінгі «дөңгелек үстел» отырысы мемлекеттік саясаттың басымдықты бағыты ретінде тұтынушылар құқығын қорғауға арналды, оны ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің басшысы Мұрат Оспанов жүргізді, деп хабарлады оның баспасөз қызметі.
Павлодар29 Наурыз , 00:00

Бұл тақырыпты талқылауға қала халқы барлық жіктерінің өкілдері кеңінен қатысты.

«Дөңгелек үстел» басында мемлекеттік органдар және үкіметтік емес ұйымдар қолға алып отырған тұтынушылар құқықтарын қорғау тетіктерін жетілдіру шаралары талқыланды.

«Клиенттерді сапасыз қызметтерден, тарифтің негізсіз көтерілуінен, табиғи монополиялар тарапынан жылу мен энергияға қол жеткізуді шектеуден қалай қорғау керек - агенттік тұтынушылар құқықтарын қорғау үшін өз алдына осындай міндеттер қойып отыр», - деп атап көрсетті М.Оспанов.Мурат Оспанов

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы» тарихи Жолдауында тұтынушылар құқықтарын қорғаудың жаңа жүйесін құру, жергілікті жерлерде қоғамдық бақылауды және азаматтардың ықпалын күшейту қажеттігін ерекше атап өтті.

М.Оспановтың пікрінше, тұтынушылардың құқығын барлық мемлекеттік бақылау органдарының өзара тиімді іс-қимылы және тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі қоғамдық ұйымдардың белсенді қатысуымен ғана қорғауға болады.

Тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі ТМРА қолға алып жатқан шаралар туралы агенттік төрағасының орынбасары Анатолий Шкарупа егжей-тегжейлі айтып берді.

Халыққа коммуналдық қызмет көрсететін кәсіпорындардың басшылары тарифтердің өсуінен алынған ақша қаражаттарының жұмсалуы және инвестициялық бағдарламаларды жүзеге асырудың тиімділігі жайында есеп берді.

Саяси партиялардың және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері күн тәртібіндегі мәселелерді талқылауға белсене қатыса отырып, тұтынушылар құқықтарын қорғау жөніндегі бірлескен жұмысты күшейту жөніндегі ТМРА идеяларын қолдады және агенттікпен бұл мәселеде белсене ынтымақтасуға әзір екендіктерін мәлімдеді.

Мұрат Оспанов отырысқа қатысушыларды кездесуде айтылған барлық ұсыныстар зерделеніп, нормативтік құқықтық актілерді жетілдіруде ескерілетіндігіне сендірді.




Яндекс.Метрика