Білім беру

ҚР БҒМ 1 қыркүйектен бастап Қазақстанның 30 пилоттық мектебінде білім берудің жаңа құрамын тексерістен өткізу бойынша жобаны іске қосады

ҚР Білім және ғылым министрлігі 1 қыркүйектен бастап Қазақстанның 30 пилоттық мектебінде білім берудің жаңа құрамын тексерістен өткізу бойынша жобаны іске қосады, деп хабарлады «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ААҚ басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинова.
Астана қаласы19 Тамыз , 18:23

«Назарбаев Зияткерлік мектебінің білім бағдарламасын еліміздің білім бағдарламасына көшіру бойынша екі жылдың ішінде үлкен жұмыс істелді. Бастауыш білім беру стандарты, 17 оқу бағдарламасы, 12 оқу жоспары, 20 бағалау өлшемдері бойынша әдістемелік ұсыныстар жасақталды. Жалпы білім беру мектептерінің 100 мұғалімінің, 120 пилоттық мектеп мұғалімдерінің және еліміздің 40 ғалымының қатысуымен 117 семинар өткізілді», - деп сендірді К. Шәмшидинова.

Басқарма төрайымы хабарлағандай, ҚР Білім және ғылым министрлігі 1 қыркүйектен бастап Қазақстанның 30 пилоттық мектебінде білім берудің жаңа құрамын тексерістен өткізу бойынша жобаны іске қосады

«Жаңа білім беру құрамы аясында 556 оқытушы, 84 директоры мен пилоттық мектептердің директорларының орынбасарлары оқытылды. Сонымен қатар, 535 ұстаз бағалау өлшемдерін пайдалану технологиясына оқытылды», - деді К. Шәмшидинова.

Бұдан басқа, 184 маман жобаның енгізілу барысын мониторингтен өткізу үшін арнайы оқытылды.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика