EXPO-2017

«Астана ЭКСПО-2017» ҰК топ-менеджменті екі есе қысқартылды

«Астана ЭКСПО-2017» ҰК басқармасының төрағасы Ахметжан Есімов ұжымға жаңа ұйымдастырушылық құрылымды ұсынды, деп хабарлады ұлттық компанияның баспасөз қызметі.
Астана қаласы19 Тамыз , 17:52

«Басқарма төрағасының орынбасарларының саны 5-тен 3-ке, басқарушы директорлар саны 9-дан 4-ке қысқарды», - делінген хбарламада.

Сондай-ақ бірқатар департаменттерге қатысты өзгертулер орын алды. Нәтижесінде ұлттық компанияда 20 департаменттің орнына 18 департамент және «Құрылыс дирекциясы» филиалы жұмыс істейтін болды.

А.Есімов атап өткендей, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК-ның қазіргі құрылымы айтарлықтай жеңілдетілгенін және атқарымдардың қосарлануы мен көпсатылылығы болмайтынын ескертті.

Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Әлішер Пірметовтың айтуынша, жалақының жылдық қоры 150 млн. теңгеге қысқартылған.




Дерекнама

Яндекс.Метрика