Білім беру

НЗМ түлектерінің 91 % республикалық және халықаралық оқу орындарының гранттарына ие болды

Назарбаев Зияткерлік мектебінің 1699 түлегінің 91 % республикалық және халықаралық оқу орындарының гранттарына ие болды, деп хабарлады «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ААҚ басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинова.
Казахстан19 Тамыз , 17:21

«Биыл еліміздегі барлық Назарбаев зияткерлік мектептерін 1699 бала бітірді. Бұл осы мектептер ашылғаннан бергі түлектердің ең көп саны. Түлектеріміздің барлығы жоғары оқу орындарына, соның ішінде 300-ден астам бала Астанадағы Назарбаев Университетіне оқуға түсті. 36 бала Назарбаев Университетінің «Foundation» сатысына емес, бірден бірінші курсына  қабылданды. Біздің мектепті бітірген оқушылардың 88 пайызы техникалық, медициналық, химия-математика, билогия бағытында білім беретін факультеттерге түсіп жатыр»,-дейді К.Шәмшидинова.

Бұдан басқа, Назарбаев зияткерлік мектептері түлектерінің 4%-ы көршілес үш елдің ЖОО-ларына түссе, тағы 153 бала 14 елдің халықаралық гранттарына ие болды.

«Биыл мектеп бітірген 61 түлек көршілес үш елдің ЖОО-ларына оқуға түсті. 139 бала 17 ел бойынша университеттер таңдап, оқуға аттанды. Ал, 153 түлегіміз терең білімдерінің арқасында 14 елден ірі-ірі халықаралық білім гранттарына ие болды»,-деп толықтырды  К.Шәмшидинова.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика