Инновациялық зерттеулерді дамытудың жаңа саясаты

«KZ START» инноваторлар байқауының жеңімпаздары өз жобаларын АҚШ-тағы әлеуетті инвесторларға таныстырады

Технологиялық даму бойынша ұлттық агенттік бастауыш кәсіпкер-инноваторлар арасындағы «KZ START» байқауының қорытындысын жариялады. Аталмыш байқаудың үздіктері АҚШ-тағы Кремниев алқабында жеделдетілген оқуға жолдама алады, деп хабарлайды агенттіктің баспасөз қызметі.
Казахстан24 Қазан , 16:45

Кремниев алқабындағы екі апталық жедел курс кезінде қазақстандық инноваторлар ақпараттық архитектура, бизнес-үлгі мен бизнесті ақшаға айналдыру, өзге жобалармен танысу, теңдессіз форумдар мен конференцияға қатысу және ірі медиа мен интернет компанияларын аралау бойынша лекциялар оқылады.

«Сапар барысында «AT&T», «VMware» мен «Yahoo!» секілді әлеуетті инвесторлармен кездесу жоспарланған», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, стартап-командалар өкілдерінен басқа Кремниев алқабына осынау жобаларға қолдау көрсетуге әзір отандық әлеуетті инвесторлар да аттанбақ.

Естеріңізге сала кетейік, стартап-жобалардың байқауы қазан айында өткізілді. Оған 100-ден астам жоба қатысты.

Байқауда 5 жоба үздік деп танылды. Олар: «X-Rift» - мобильді ойын жобасы, «WOOPPAY» - төлемдерді іске асыруды қамтамасыз ететін төлем жүйесі мен электронды ақша арқылы өзге де операциялар жүйесі, «Phonebooth» - колл-орталықтарға қоңырау шалу әлеуметтік қызметтері бар тегін мобильді қосымша, «LeadLock» - жарнама жүйесі мен «Тикетон» - мәдени шараларға электронды билетін алу жүйесі.

 




Яндекс.Метрика