Білім беру

М. Пиньятелли: Назарбаев Университеті жанындағы Медицина мектебі ҚР-ның өзгеде жоғарғы оқу орындарына медициналық білім берудің үлгісіне айналады (ВИДЕО)

Назарбаев Университеті жанындағы Медицина мектебі болашақта ҚР-ның өзгеде жоғарғы оқу орындарына медициналық білім берудің үлгісіне айналады, деп ағынан жарылды Назарбаев Университеті Медицина мектебінің деканы Массимо Пиньятелли ашылу салтанаты барысында.
Астана қаласы 19 Тамыз, 17:36

«Бұл жаңа мектеп және ол Қазақстандағы аталмыш саладағы оқу орындарынан ерекшеленеді. Мектептің академиялық бағдарламасы Питтсбург Университетімен бірлесіп жасалған, жалпы солардың білім беру үлгісіне негізделген. Басты мақсат ҚР-ның өзгеде жоғарғы оқу орындарына медициналық білім берудің үлгісіне айналу», - деді М. Пиньятелли.

Деканның айтуынша, бірінші ерекшелік ол Медицина мектебіне түсетіндердің бакалавр дәрежесі болуы керек. «Егер қазақстандық медицина оқу орындарына 11 сыныпты бітірген соң түсетін болса, біздің мектебіміздің студенттерінде бакалавр дәрежесі болуы керек. Көбіне бакалавр дәрежесін биология және химия салаларында алады»,  - деп түсіндірді ол.

Декан атап өткендей, тағы бір ерекшелік бірінші курстан бастап студенттер клиникалық тәжірибені және науқастармен байланысты бірге алып жүретін болады.

«Студенттер оқу процесіне белсенді тартылған, яғни олар лекцияларды жазып қана қоймай тікелей процестің ортасында жүреді», - деді Медицина мектебінің деканы.

Индира Кауметова





Дерекнама

Яндекс.Метрика