Ғылымды қажет ететін экономиканың дамуы

ҚР-да теміржол саласына 1400-ден астам рационализаторлық шешімдер енгізілген

«ҚТЖ» ҰК» АҚ жылма жылғы теміржолшылар мен кәсіпорын ұжымдары арасындағы байқау жеңімпаздарына «Үздік техникалық шешім», «Рационализаторлық жұмыстарды ұйымдастырудағы үздік филиал», «Үздік техникалық информатор», сонымен қатар «Үздік рационализатор» белгілерін тапсыруда, деп хабарлады ұлттық компанияның баспасөз қызметі.
Казахстан19 Тамыз , 20:43

Барлық идея авторлары техникалық шығармашылықтарын материалдар мен ресурстарды үнемдеуге және өндірістік үдерістерді жетілдіруге, ауыр еңбекті жеңілдетуге жұмсайды.

Биылғы жылы саладағы рационализаторлар байқауына барлығы 1500-ден астам еңбеккер қатысып, 1658 рационализаторлық шешімдерін ұсынды. Олардың 1470-і өндіріске енгізілді.

«Үстіміздегі жылдың жеңімпазы болып Есіл ірілендірілген жол дистанциясының слесары Сергей Мигуля танылып, «42РТМ-А-ЧМ және РВ1: М радиостанцияларындағы қуат көздерін  тексеру мен қалпына келтірудің қолға алып жүруге болатын қондырғысы» атты ұсынысы бірінші орынға көтерілді», - делінген хабарламада.

Екінші орынды Семей жол бөлімшесінің еңбеккерлеріне «Теміртранс» ЖШС кірме жолындағы вагондардың тұру уақытын қысқарту» ұсынысы танылды.

Үшінші орынды Шымкент электрмен қамту жол дистанциясының жетекші инженері Галина Попова «Шымкент НОД-ы ғимаратын электрмен жабдықтаудың нобайын өзгерту» ұсынысымен алды.

Сала бойынша барлығы 16 маман «Үздік рационализатор» белгісімен марапатталды. 12 адам үздік информатикалық техникалық шешім үлгісі бойынша алдыңғы қатарға шықты. Филиалдардың ішінде Жамбыл белгі беру және байланыс жол дистанциясы, Көкшетау электрмен қамту дистанциясы, «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның «Оңтүстік» филиалы үздіктер қатарында көш бастады.  «ҚТЖ» ҰК» АҚ қашанда рационализаторлық шешімдерімен көрініп келе жатқан ұжымдар мен жеке еңбеккерлерді бесінші жыл қатарынан марапаттап келеді.  




Яндекс.Метрика