Энергетика саласын дамыту

Теміржол көлігінде дизел отыны мен электр қуатын үнемдейді

«ҚТЖ» ҰК» АҚ тепловоздары мен электровоздарында дизел отыны мен электр қуатын үнемдейтін жоғары технологиялар орнатылған.
Казахстан20 Тамыз , 13:46

Ұлттық компанияның баспасөз қызметінен хабарлағандай, осы құрылғының нәтижесінде биылғы жылдың алғашқы алты айында 12 мың тонна дизел отыны үнемделді.  Өткен жылы бұл көрсеткіш 16 мың тоннаны құраған болатын. 2013 жылы бұндай жүйе арқылы бір мың тонна ғана дизел отыны үнемделгенді.

Бұрынғы отын үнемдеу жүйесінде адам факторының араласуына байланысты нақтылық бола бермейтін. Осыған байланысты «Локомотив» АҚ пойыздардың тартым күштеріне жылу энергетикалық қуаттарды автоматты түрде үнемдеу, сол арқылы тіркеу мен сараптау мүмкіндігін қарастырғанды. Соның нәтижесінде «Энергодиспетчерлік тартым» автоматтандырылған басқару жүйесі» жобасы жүзеге асырылды. Мұндай құрылғының (АСУ ЭДТ) бұрынғы Кеңес Одағы аумағында баламасы жоқ.

АСУ ЭДТ жүйесімен жұмыс жөніндегі бөлім бастығы Арыслан Жұмашев Қазақстандағы жаңадан автоматтандырылған локомотивтерді басқару құрылғысының темір жол тасымалында қуат үнемдеуге сол арқылы компания ресурсын тиімді пайдалануға мол мүмкіндік әперіп отырғандағын айтады.

«Биылғы жыл ішінде АСУ ЭДТ қондырғысын тепловоз кабинасына орнату арқылы машинист монитордан өзінің қанша жылу отынын жұмсағандығын көріп отырады. Мұндай қондырғы электровоздарға 2016 жылдан бастап орнатылады»,-дейді ол.

Дизел отынын үнемдеу 13 пайыздық көлемде, ал электр қуатын үнемдеу шамамен 7 пайыз деңгейінде болуы тиіс.




Яндекс.Метрика