Өңірлер

«KARASU Farm-2015» аукционында 18,6 млн теңгеге тұқымды ІҚМ сатылды

«KARASU Farm-2015» аукционының нәтижесінде жалпы сомасы 18 600 000 теңгені құрайтын 37 бас асыл тұқымды ірі қара мал, оның ішінде 17 қазақы ақбас бұқа мен 20 әулиекөл тұқымының қашары сатылды, деп хабарлады «ҚазАгро» холдингісінің баспасөз қызметі.
Қостанай20 Тамыз , 08:54

Аталып өткендей, сатылған бұқалардың жалпы сомасы 6 600 000 теңгені құраса, қашарлардың ортақ құны 12 000 000 теңгеге тең болды. 

Асыл тұқымды малды Қостанай, Ақтөбе және Алматы облыстарының шаруашылықтары сатып алды.

Қазақы ақбас және әулиекөл асыл тұқымды ірі қара малын сатуға арналған аукцион Қостанай облысының «Қарасу» сауда-өнеркәсіптік компаниясы» ЖШС өтті. «Қазагромаркетинг» АҚ іс-шараны қоса ұйымдастырушы болып табылады. 

Аукцион аясында «Қазагромаркетинг» АҚ IT-мамандары облыстың ветеринарлық станцияларының мамандары үшін «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру» web-порталымен және Мал шаруашылығындағы ақпараттық-талдамалық жүйемен жұмыс істеу бойынша семинар өткізді.

Сондай-ақ, аукцион барысында шаруашылықта бірнеше жыл бойы қолданылып келе жатқан биогаздық қондырғының жұмысы көрсетілді. Қондырғы жылына 16 мың тоннаға дейін мал шаруашылығы кешенінің табиғи қалдықтарын қайта өңдеп, 800 мың текше метр биогаз, 5 мың тоннадан артық сұйық және 8 мың тоннадан астам қатты тыңайтқыш, электр және жылу энергиясын өндіруге мүмкіндік береді.




Яндекс.Метрика