Президент тапсырмаларының орындалуы

Қаржы полициясы «көлеңкелі» экономикаға қарсы іс-қимылды жеделдетеді

Қаржылық және экономикалық қылмыстарды ашу департаментінің бастығы Жанат Еламанов 9 айда анықталған қаржылық және экономикалық қылмыстардың саны 36%-ға (2793-тен 3798-ге дейін) артқанын мәлімдеді, деп ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.
Казахстан24 Қазан , 16:20

«Мұнай мен мұнай өнімдерінің заңсыз айналымы саласында анықталған қылмыстардың саны 10 есеге (13-тен 136-ға дейін), жалған кәсіпкерлік бойынша 4 есеге (198-ден 771-ге дейін), қылмыстық жолмен табылған табысты заңдастыру бойынша 3 есеге  (39-дан 110-ға дейін), жалған және қасақана банкроттық бойынша 2,5 есеге (39-дан 98-ге дейін) артқан», - деді Ж. Еламанов.

Ж.Еламанов заңнаманы жетілдіру бойынша жұмысқа тоқталды. Ол қаржы полициясы қызметкерлерінің кедендік заңнаманы жетілдіру бойынша, салық төлеу мәселелері, трансферттік баға қалыптастару, қаржы пирамидаларының қызметіне қарсы тұру, заңсыз ойын қызметі, заңсыз жолмен табылған табысты заңдастыру бойынша заңнаманы жетілдіруге белсенді қатысқандығын айтты. 

Р.Түсіпбеков көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл саласындағы оң нәтижелерді атап өтіп, осы бағыттағы жұмысты, әсіресе көлемі 60% құрайтын алкоголь өнімдерінің заңсыз айналымымен күресті ерекше күшейтуді тапсырды.

Оған қоса, ұлттық компаниялар мен даму институттарының қызметінде мемлекеттік ақша қаражатын ұрлау фактілерін анықтау бойынша жұмысты жандандыруды жүктеді.

Айта кетейік, 11 қазанда Үкіметтің кеңейтілген отырысында Елбасы  көлеңкелі экономика жұмысының бәсеңдегенін атап өткен болатын. 




Яндекс.Метрика