Көліктік-логистикалық жүйенің дамуы

ҚР ИДМ мен ҚХР СҰАА өкілдері халықаралық автотасымал бойынша ақпарат алмасты

Астана қаласында халықаралық автомобиль тасымалдары мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі мен Қытай Халық Республикасының Синьцзянь-Ұйғыр Автономиялық Аймағының өкілдері арасында келіссөздер өтті, деп хабарлады ведомсвтоның баспасөз қызметі.
Астана қаласы19 Тамыз , 20:28

Аталып өткендей, тараптар халықаралық автомобиль тасымалдарының  ағымдағы жағдайы туралы, 2014 жылдың және 2015 жылдың бірінші жарты жылдығының  тасымалдар көлемі туралы статистикалық мәліметтер ақпаратымен алмасты. Сондай-ақ, 1992 жылғы 26 қыркүйектегі Халықаралық автомобиль қатынасы туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Келісімнің орындалуына қанағаттандырушылығын білдірді.

Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының арасында халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыру үшін  рұқсат бланкілерін алмасу мәселелері талқыланды, сондай-ақ 2016 жылға рұқсат бланкілерінің квотасын келісті.

Қазақстан тарапы 2015 жылдың 6 тамызында күшіне енген «Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау Қағидасынның» жаңа редакциясы бекітілгені туралы қытай тарапына хабарлады.

Қазақстан тарапы қатай тарапын 2017 жылы Астана қаласында өтетін «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандырылған көрмені көруге шақырды, сондай-ақ, аталған шақыруды барлық ҚХР тасымалдаушыларына жеткізуді сұрады.

Кезекті келіссөздер 2016 жылы Үрімші қаласында өтеді.




Яндекс.Метрика