Өңірлер

Қарағанды облысының негізгі капиталына инвестициялар ағымы 158,8 млрд теңгені құрады

Қарағанды облысының негізгі капиталына инвестициялар ағымы 2015 жылдың қаңтар-маусымында 158,8 млрд теңгені құрады, деп хабарлады ranking.kz. мониторинг агенттігі.
Қарағанды20 Тамыз , 08:36

Қарағанды облысының бизнесі инвестициялық белсенділікті арттыруда. Өздерінің қаржысының есебінен кәсіпорындар 2015 жылдың қаңтар-маусымда барлық капиталдық салымдардың 74,4% қамтамасыз етті.

Аталып өткендей, негізгі өсімді кәсіпорындардың өзіндік инвестициялары қамтамасыз етті. Сонымен қатар, банк несиелеріде үлес қосты.

«Сонымен, өткен жылдың қорытындысы бойынша өз қаржысы есебінен компаниялардың салымдары негізгі капиталға жалпы инвестиция көлемінің 271,7 млрд теңгесін – 66% құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 15,7% артық», – делінген хабарламада.

Салыстырмалы түрде айтатын болсақ, 2014-2010 жылдар аралығында Қазақстан бойынша негізгі капиталға инвестиция көлемі 37,7% құрады. 




Дерекнама

Яндекс.Метрика