Өңірлер

Юаньның құнсыздануы ҚР экономикасының өсімін арттырады – сарапшы

Қытай Орталық банкінің тамыздың 11-де юаньды 1,9%-ға девальвацияға ұшыратуы Қазақстанға валюталық резервін әртараптандыруға мүмкіндік береді, деп баса айтты «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ жетекші ғылыми қызметкері Мадияр Кенжеболат ОКҚ-да.
Астана қаласы19 Тамыз , 13:08

«Юаньның құнсыздануы қысқамерзімге қарастыратын болсақ Қазақстан экономикасына соншалықты әсер етпейді. Егер соңғы – 2014 жылды алатын болсақ, ол кезде теңге юаньға шаққанда 20%-ға арзандады. Сондықтан юаньның 2-3%-ға девальвацияға ұшырауы қысқа мерзімде еш әсер етпейді. Алайда, ХВҚ тарапынан бұл қадам құпталды. Орташа ұзақмерзімде юань арнайы қарыз алу құқығы қоржынына (СДР) кіріп кетуі мүмкін», - деді  М.Кенжеболат.

Оның айтуынша, егер қытайлық юань СДР қоржынына кіретін болсақ, бұл Қазақстанда валюталық резервтерді әртараптандыруға мүмкіндік берді, осы ретте республиканың экономикалық өсімі артады.

«Біздің валютамыз үшін валюталық резервтерді әртараптандыруға мүмкіндік пайда болады, одан ары сауда байланысы нығайтып, тереңдетіледі. Бүгінде Қытай Қазақстанның екінші ірі сауда серіктесі. Жалпы, юаньның құнсыздануы Қазақстан экономикасының өсімін арттырады», - деді сарапшы.

Анар Тәңірқұлова 




Яндекс.Метрика