Мемлекеттік басқарудың жаңа түрі

ҚР-да ШОБ дамыту үшін монополияға қарсы органдардың рөлі арттырылады – Мұханов

Ұлт жоспары «100 нақты қадамда» маңызды бастамалардың бірі мемлекеттің кәсіпкерлік саласындағы бәсекеге қабілеттілікті арттырудағы қатысын төмендету болып табылады. Осы ретте Қазақстанда шағын және орта бизнесті дамытудағы монополияға қарсы органдардың рөлі арттырылады, деп хабарлады «Экономикалық зерттеулер институты»АҚ төрағасы Мақсат Мұханов ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында.
Астана қаласы19 Тамыз , 12:52

«Жеке сектор ел экономикасының дамуына үлкен әсер етеді. Менің атап өткім келгені, соңғы жылдары елімізде іскерлік климатты қалыптастыру және одан ары дамыту бойынша елеулі шаралар атқарылуда. Осы ретте заңнамалық бастамалар көтерілді. Басты рөлді бизнестің жол картасы атқарды. Онда бизнеске қолдау көрсетудің сан алуан құралдары ұсынылған, олар: қаржыландыру, стартаптарға қолдау көрсету және т.б.», - деді М.Мұханов

Сонымен қатар, оның айтуынша, қазақстандық бизнестің үлесі дамыған мемлекеттермен салыстырғанда қалып қойған, ЖІӨ-нің 25% деңгейінде, ал бұл көрсеткіш дамыған мемлекеттерде 60%-дан асады.

«Осы ретте Ұлт жоспары «100 нақты қадамда» маңызды бастамалардың бірі мемлекеттің кәсіпкерлік саласындағы бәсекеге қабілеттілікті арттырудағы қатысын төмендету болып табылады», - деп түсіндірді ол.

Сарапшы атап өткендей, Қазақстанда шағын және орта бизнесті дамытудағы монополияға қарсы органдардың рөлі арттырылады.

«Менің есептеуімше, бұл мемлекеттің қатысу үлесін төмендетуде табылған шара болмақ», - деді  М.Мұханов.

Анар Тәңірқұлова 




Яндекс.Метрика