Білім беру

Ақордада білім беру жүйесін дамыту саласындағы маңызды мәселелер талқыланды

Ақордада жаңа оқу жылы қарсаңында ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіхалықова білім беру саласының мамандарымен кездесу өткізді.
Астана қаласы19 Тамыз , 12:39

Г.Әбдіхалықова өз сөзінде қатысушылардың назарын Елбасының – «дамыған бәсекеге қабілетті мемлекет болуымыз үшін жоғары білімді ұлт болуымыз» керек деген өсиетіне аударды.

Мемлекеттік хатшы атап өткендей, білім беру саласын жаңғыртудың басты артықшылығы «100 нақты қадаммен» бірге алғанда ЭЫДҰ мүше мемлекеттердің стандарттары негізінде адам капиталының сапасын арттыру болып табылады.

«Өздеріңіз білетінде, бүгінде білім саласының алдында үлкен міндеттер тұр, осы салада үлкен реформалар да жүргізілуде. Бүгін осы білім саласындағы барлық өзекті мәселелерді талқылап, пікір алмасамыз деген ойдамын», -  деді ҚР Мемлекеттік хатшысы.

Кездесуде бес институционалдық реформа аясындағы мақсат-міндеттер, сондай-ақ педагогтардың мәртебесін көтеру, ауыл мектептерінің, техникалық білім беру мекемелерінің, ғылыми және педагогикалық ұйымдардың жұмысына байланысты өзекті мәселелер талқыланды.




Яндекс.Метрика