Білім беру

Астанадағы тамыз конференциясында Қазақстанның барлық НЗМ келген 350-ден астам мұғалім бас қосты

Назарбаев Зияткерлік мектебінде НЗМ педагогикалық жұмысшыларының тамыз кеңесі «Функионалды сауаттылықты қалыптастыру жолдары» тақырыбымен өтуде.
Астана қаласы19 Тамыз , 11:53

«Бүгінде жаһандану жағдайында мектептер баланы өз шешіміне жауап бере алатын және өз бетінше шешім қабылдай алатын, жауапты тұлға ретінде қалыптастыра білу керек. Білім беру саласын дамыту жолында маңызды фактор заманауи ақпараттық технологияны оқу барысында падалана білу болып табылады», – деп мәлімдеді «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ААҚ басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинова.

Төрайым атап өткендей, НЗМ-ға Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген қабілетті оқушылар  түсуде.

«Біз балалардың ата-аналардың, жалпы қоғамның үмітін ақтауымыз керек. Сіздерді жаңа оқу жылымен құттықтаймын және табысты жыл тілеймін», – деді К. Шәмшидинова.

Аталып өткендей, Астанадағы  тамыз конференциясында Қазақстанның барлық НЗМ келген 350-ден астам мұғалім  бас қосты.  

Индира Кауметова




Дерекнама

Яндекс.Метрика