Білім беру

Алматы облысында «Мектеп ауласы» жобасы қолға алынды

Алматы облысында алдағы жылдан бастап «Мектеп ауласы» жобасы жүзеге асырылатын болды, деп хабарлады Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Алматы19 Тамыз , 15:19

Аталып өткендей, соңғы үш жылда өңір басшысының тапсырмасымен «Мектеп алаңы» жобасы жүзеге асырылып келеді. Соның нәтижесінде бүгінгі күнге дейін 84 спорт алаңы салынды. Оған қоса келер жылдан бастап «Мектеп ауласы» жобасы іске асырылмақ.

Алматы облысы әкімі А. Баталовтың айтуынша, әр мектептің ауласын қалай ерекшелеуге болады, көгалдандыру, дизайндық, сапалық жағынан қалай жетілдіру қажеттігі туралы аудан, қала әкімдері нақты ұсыныстарын дайындауы тиіс. Және жобада  ауланың абаттандырылуы, сәулеті, көркемдігі және оқушылар игілігіне пайдалану тиімділігі тең ескерілетін болады. 




Яндекс.Метрика