Адами капитал

Какпеновтар отбасы: «Мерейлі отбасы» байқауы - жастарды мықты отбасын құруға үгіттейді

«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауына 2015 жылы мыңнан астам отбасы қатысты. Оларлың әрқайсысының жеткен жетістігі мен айтар өсиеті мол.
Ақмола19 Тамыз , 11:23

Ақмола облысының Жазит пен Қарашаш Какпеновтар отбасы 60 жылдам астам уақыт бірге өмір сүріп келеді. Олар жеті баланы тәрбиелеп жеткізді. Отбағасы – Жазит Какпенов 40 жыл өмірін ұстаздыққа арнаған. Оның ұлдары Білімжан, Тасболат, Ризабек мен қызы Айнаш әке жолын қуып, мұғалім мамандығын таңдады.

«Менің әкем бар өмірін мектепте өткізді, директорлыққа дейін көтерілді. Ал қызметін химия пәнінің мұғалімі ретінде бастаған болатын. Бүгінде зейнеткер, оның жолын төрт баласы да қуды. Екінші  інім Патропавлск қаласындағы орта мектептің директоры, ал қарындасым филилогияны бітіріп, бүгінде театрда еңбек етуде», - деді Какпеновтар отбасының үлкен ұлы – Білімжан «Strategy2050.kz» АА тілшісіне берген эксклюзивті сұхбатында.

Ол атап өткендей, «Мерейлі отбасы» байқауы  - жастарды мықты отбасын құруға үгіттейді.

«Мен ұстаз ретінде айтарым байқау уақытылы ойластырылған және керек дүние. Біздің отбасымиыз үлкен, әрі тату, сондықтан көбіне бізден үлгі алғысы келетіндер өте көп. Жалпы, байқау - жастарды мықты отбасын құруға үгіттейді», - деді ол.

Какпеновтар отбасы осындай игі шаралардың елде барына алғыс айтып ықыластарын білдірді. 

Анар Тәңірқұлова 




Яндекс.Метрика