Басқару

Сенатор Алматы облысындағы әлеуметтік-мәдениет саясаты саласындағы жағдаймен танысты

ҚР Праламенті Сенатының депутаты Ләззәт Тұрлашов Алматы облысындағы Райымбек, Сарқан, Ұйғыр аудандарын аралады, деп хабарлады палатаның баспасөз қызметі.
Алматы19 Тамыз , 10:34

Іс-сапар барысында депутат экономика, әлеуметтік және мәдениет саясаты салаларындағы атқарылып жатқан тірліктермен танысып,  жергілікті халықпен кездесті.

Сонымен қатар, Райымбек ауданының еңбекші ұжымымен кездесіп, «Балауса» балабақшасын және Кеген ауылын аралады.

Сарқан ауданында сенатор орталық қазандықтың, Н. Островский атындағы мектеп гимназияның және «Каменев» шаруақожалығының жұмысымен танысты.

Бұдан басқа, Ұйғыр ауданында теріні қайта өңдеу мен «Тельманжан» тері шаруақожалығынің тыныс тіршілігін пысықтады. 




Яндекс.Метрика