Адами капитал

ҚР ҚК артиллеристері оқ ату тапсырмаларын үздік орындады (ФОТО)

«Батыс» өңірлік қолбасшылығында зымыран әскерлері мен артиллерия жеке құрамының лагерлік жиындары өтті. Жиын ағымдағы жылдың 4 тамызы мен 15 қыркүйегі аралығында «Батыс» өңірлік қолбасшысының орынбасары полковник Есбол Аманғожаевтың басшылығымен Ақтау гарнизонына қарасты «Оймаша» оқу-жаттығу полигонында өтуде, деп хабарлады ҚР ҚМ баспасөз қызметі.
Маңғыстау 19 Тамыз, 10:17

Жиынды өткізу мақсаты – батарея, взвод, бөлімше командирлерінің әдістемелік шеберлігін шыңдау, кәсіби біліктілігін арттыру, техника мен қару-жарақты және оның ерекшеліктерін меңгеру.

Белгіленген жоспар бойынша № 10, № 16 тапсырмаларды орындау бойынша қарудан оқ ату ұйымдастырылды. Оған Д-30 аспандата ататын ауыр зеңбірегі, МТ-12 зеңбірегі, 1200 мм минаметті батареядан оқ атылды.

Тапсырманы орындау барысында әскери қызметшілер жақсы нәтижелер көрсетті. Атап айтқанда, гвардия сержанты Ж. Дәулетбаев Д-30 аспандата ататын ауыр зеңбірегінен бір атқаннан нысанаға дәл тигізді. № 1 артиллериялық атуда 2-батарея (батарея командирі гравдия капитаны А. Кенжегалиев) үздік нәтиже көрсетті.

Алдағы уақытта батарея командирлерінің дағдысын жетілдіріп, кәсібилігін арттыру үшін батареялық-тактикалық оқу-жаттығу өткізу жоспарлануда.
 





Яндекс.Метрика