Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы

ҮИИДМБ жүзеге асыру заңнаманы жаңғырту мен экономика дамуын қамтыды (ВИДЕО)

Үдемелі индустриалды даму мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру Қазақстанның дамуындағы бірнеше аспектілерді қамтыды: заңнаманы жаңғырту, экономикалық инфрақұрылымды дамыту, инвестиция мен инновацияны тарту бойынша орталықтарды құру, деп хабарлады саясаттанушы Данияр Әшімбаев «Strategy2050.kz» АА берген эксклюзивті сұхбатында.
Астана қаласы 19 Тамыз, 09:47

«Қазақстанда экономиканы әртараптандыру бойынша көптеген бағдарламалар жасақталды, оларды іске қосуға да ұмтылыс жасалды. Алайда жемқорлық проблемаларына байланысты бағдарламалар жүзеге асырылмай жарты жолда қалып қоя берді. Нәтижесінде жүзеге асырылған жалғыз бағдарлама Қазақстанның дамуындағы бірнеше аспектілерді қамтыды: заңнаманы жаңғырту, экономикалық инфрақұрылымды дамыту, инвестиция мен инновацияны тарту бойынша орталықтарды құру», - деді  Д.Әшімбаев.

Оның айтуныша, ҮИИДМБ үшін бір жүйеге қойылған басқару үлгісі энергетика, өндіріс пен көлік инфрақұрылымы салаларында қыруар шаруа атқаруға мүмкіндік берді.

«Министрліктер біріктілді, министрлердің статусы арттырылды, жалпы, билік басында білікті команда жасақталды. 3-4 жылда олар өте жақсы жұмыс істеді. Рас, қателіктер болған шығар, мүмкін тәжірибе жетпеді, мүмкін дұрыс есептелмеген шығар, дегенмен үлкен шаруа бітірілгенін жоққа шағара алмаймы», - деді сарапшы.

Саясаттанушының пайымынша, ҮИИДМБ аясында жүзеге асырыла алмаған жобалар ұзақмерзімді және олардың экономикалық тиімділік 10-15 жылдан кейін ғана болады.

«Қазір бірінші бесжылдық аяқталды. Кейбір салаларда ойымыздағыны жүзеге асыра алмадық. Мәселен, ғылыми қызмет. Алайда ғылым ол соншалықты жылдам нәтиже беретін сала емес. Ол үшін 10-15 жыл уақыт керек. Бұл өте үлкен қаржы және ол өзін-өзі жылдам ақтамайды. Дегенменде бүгінгі әлемдегі экономикалық жағдайларды есепке алатын болсақ мемлекет жақсы өсім динамикасын көрсете білді», - деп түйді Д.Әшімбаев

Анар Тәңірқұлова 





Дерекнама

Яндекс.Метрика