Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

А.Сәрсенбаев: Конституция мақсаты –қоғамды қорғауда үйлесімге қол жеткізу (ВИДЕО)

Біздің Конституциямыздың мақсаты қоғамды, жеке тұлғалдарды және басты институттарды қорғау барысында өмірде үйлесімге қол жеткізу, деп ағынан жарылды ҚР Жоғарғы сотының судьясы Амангелді Сәрсенбаев «Strategy2050.kz»АА берген эксклюзивті сұхбатында.
Астана қаласы 19 Тамыз, 09:31

«Конституция еліміздің басты заңы. Біздің Конституциямыздың мақсаты қоғамды, жеке тұлғалдарды және басты институттарды қорғау барысында өмірде үйлесімге қол жеткізу»,- деді А.Сәрсенбаев.

Ол атап өткендей, ағымдағы жылы 1995 жылы қабылданған Ата заңға 20 жыл толады.

«Конституция шын мәнінде шынайы өмір іспетті, себебі оны судьялар әрқашан жұмыс барысында пайдаланып келеді. Егер кейбір заңдар Конституцияға сай келмейді десе, олар Конституциялық кеңеске түсініктеме алу үшін жүгіне алады», - деді судья.

Ботагөз Айтжанова





Яндекс.Метрика