Инфрақұрылымның дамуы

Қызылорда облысында екі дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды (ФОТО)

Қызылорда облысының Қазалы мен Жаңақорған аудандарында заманауи көпфункионалды дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды.
Қызылорда 19 Тамыз, 08:37

Әкімдіктен хабарлағандай, спорт кешендері қажетті құрылғылардың барлығымен жабдықталған. Мұнда бір мезгілде 150-ден аса адамның жаттығуына мүмкіндік бар.

«Кешеннің ашылу салтанатына облыстық мәслихат хатшысы Ақмарал Әлназарова, облыс әкімінің орынбасары Рауан Кенжеханұлы, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Садық Мұстафаев, аудан әкімі Нәжмадин Шамұратов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Оразғали Бекбанов және облыстық, аудандық мәслихат депутаттары қатысты»- делінген хабарламада.

Ашылу рәсімінде сөз алған облыс әкімінң орынбасары Р.Кенжеханұлы мемлекет басшысының жүргізіп отырған саясатының басты бағыттарының бірі жастардың спортпен айналысуына барынша жағдай жасау екендігін айтты. Сондай-ақ, бүгінгі ашылып отырған сауықтыру кешенінен тәрбиеленетін спортшылардың ел абыройын асқақтататына сенім білдіретіндігін жеткізді. 





Яндекс.Метрика