Әлеуметтік саясаттың жаңа принциптері

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Батыс Қазақстан облысындағы жас отбасылар үшін қолжетімді тұрғын үй құрылысы аясында салынған көппәтерлі үйде болды

Бүгін, 24 қазан күні Нұрсұлтан Назарбаев Батыс Қазақстан облысындағы жас отбасылар үшін қолжетімді тұрғын үй құрылысы аясында салынған көппәтерлі үйде болды, деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Батыс Қазақстан24 Қазан , 15:48

 «Тұрғын үйді аралау барысында Мемлекет басшысы жастарға арналған үйлер жұмыс істеп жатқан азаматтар үшін салынғанын, жалпы алғанда, баспанамен қамтамасыз ету тұрғындардың қажырлы еңбегіне байланысты екенін атап өтті», - деп хабарламада нақтыланған.    

108 пәтерлі үйдің құрылысына жұмсалған шығынның жалпы құны – шамамен 590 миллион теңге. Бұл ретте 330 миллион теңге жастарға арналып салынған бірінші және екінші үйді сатудан түскен қайтарымды қаражат есебінен қаржыландырылған. Қаражаттың қалған бөлігін бас мердігер бөлді.




Яндекс.Метрика