Мемлекеттік басқарудың жаңа түрі

Ұлт жоспары: Қазақстан азаматтарының әділеттілікке қолжетімділігін арттырады (ВИДЕО)

Ұлт жоспары – «Заң үстемділігін қамтамасыз ету» екінші реформасы аясында сот инстанцияларын қысқарту туралы шешім азаматтардың проблемаларын шешуін жеңілдетуге, әділеттілікке деген қолжетімділікті арттырумен байланысты, деп хабарлады ҚР Жоғарғы сотының судясы Амангелді Сәрсенбаев «Strategy2050.kz» АА студиясында берген эксклюзивті сұхбатында.
Астана қаласы 18 Тамыз, 19:24

«Елбасының «Қазақстан-2050» стратегиясында сот жүйесіне үлкен көңіл бөлінген. Инстанцияларды қысқартып, бес кезеңді жүйеден үш кезеңдіге ауысу азаматтардың проблемаларын шешуін жеңілдетуге, әділеттілікке деген қолжетімділікті арттыратын болады», - деп түсіндірді  А.Сәрсенбаев.

Сарапшының келтірген мысалына сәйкес, азаматтар алғашқы сот инстаниясында жеңіске жетіп, кейінгі инстанцияларда көбіне жеңіліске ұшырайтын. Осы ретте  көптеген мәселелер туындап, арыздар түсетін болған.

«Ұзаққа созылған процестер азаматтар үшін өте ауыр болатын. Үш кезеңді инстанцияға көшу, уақытты ұтымды пайдалануға мүмкіндік береді.  Бұдан басқа, инстанция жұмысы айқындалып, ашық жүретін болады және тұрақтылық сезіледі»,  - деді А.Сәрсенбаев.

Судяның айтуынша, сот инстанияларын қысқарту Елбасының бұған дейін жариялаған  бағдарламаларымен де байланысты.

«Сот жүйесіне байланысты Елбасы әрдайым әділеттілікке қолжетімділікті арттыру туралы өз ойын алға тартып келетін. Бұл тіпті «Медиация туралы» заң қабылданбай жатып көтерілген мәселе болатын», - деді А.Сәрсенбаев.

Ботагөз Айтжанова





Яндекс.Метрика