Халықаралық интеграция

Ирандық санкцияны алып тастау ОА елдері экономикасының дамуына жаңа мүмкіндіктер береді – сарапшы

Иранға санкцияны алып тастау Орталық Азия елдері экономикасының дамуына, атап айтқанда әртараптадыруға жаңа мүмкіндіктер береді, деп хабарлады Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ жанындағы Заманауи зерттеулер институтының директоры Мұхит Сыдықназаров.
Астана қаласы18 Тамыз , 18:36

«Белгілі болғандай, 2008 жылы мұнай бағасына деген жоғары баға Қазақстан экономикасының дамуына серпін берді. Бірінші кезекте өте тиімді экспорт желісі дамыды. Ал, дағдарыс жылдары - 2009, 2013, 2014 жылдары Қазақстанның экспорттық әлеуеті күрт төмендеді. Сондықтанда халықаралық қауымдастықтың  Иранға қатысты  санкцияны алып тастауы Орталық Азия елдері экономикасының дамуына, атап айтқанда әртараптадыруға  жаңа мүмкіндіктер береді», - деді М.Сыдықназаров.

Оның айтуынша, санкцияны алып тастау қазақстандық экономиканың дамуына да үлкен мүмкіндіктер береді.

«Санкцияны алып тастау үлкен мүмкіндіктер береді және Қазақстан экономикалық байланыстарды әртараптандыруда үлкен жол ашады Өз кезегінде, Иран үшін Қазақстанмен ынтымақтастық орнату ЕАЭО нарығына, Ұлы Жібек Жолы жобасына қатысуға  жол береді», - деп атап өтті сарапшы. 

Анар Тәңірқұлова 




Дерекнама

Яндекс.Метрика