Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

Шымкент гарнизонында «Ата Заңға адалмыз» акциясы басталды

Шымкент гарнизонында «Ата Заңға адалмыз» акциясы басталды, деп хабарлады ҚР ҚМ баспасөз қызмкеті.
Оңтүстік Қазақстан18 Тамыз , 19:41

ҚР Консититуциясының 20 жылдығына арналған Қазақстан Қарулы Күштерінің патриоттық акциясы елімізде салтанатты түрде жалғасын табуда. Бүгін акцияны Шымкент қаласы қарсы алды. 

«Конституция – еліміздің негізгі Заңы, онсыз мемлекеттің толық деңгейде саяси, мәдени, қоғамдық және рухани дамуы мүмкін емес», - деп салтанатты ашылу рәсімінде Шымкент гарнизонының әскери қызметшілеріатап өтті.

Шымкенттегі «Ата Заңға адалмыз» акциясының шарықтау шегі үлгілі әскери қызметшілерді наградтау сәті болатын. ҚР Қорғаныс министрлігінің басшылығы атынан «Үздік отбасы» аталымы бойынша алғыс хатты 32039 әскери бөлімі байланыс қызметінің бастығы лейтенант Дәурен Андасов алды. Үздік рота және взвод командирлері ретінде 35748 әскери бөлімінің әскери қызметшілері аға лейтенант Ержан Сабырбеков және аға лейтенант Асхат Ибраев танылды.

«Үздік батальон сержанты», «Үздік батарея сержанты» және «Үздік взвод сержанты» аталымдары бойынша 2-сыныпты сержант Нұрбол Сартай (74884 ә/б), 3-сыныпты сержант Дархан Қабылов және сержант Ғалымжан Ақбөпеев (35748 ә/б) наградталды. Құрметті «үздік ұшқыш» атағына 55652 әскери бөлімінің бас ұшқышы аға лейтенант Владимир Бурковский лайық деп танылды.

Естеріңізге сала кетейік, «Ата Заңға адалмыз» акциясы Қарағандыда басталған болатын. Содан кейін оны Ақтау және Шымкент гарнизонның әскери қызметшілері қарсы алды. Акция 24 тамыз күні Өскемен қаласында аяқталады.




Яндекс.Метрика