Мемлекетті басқарудың жаңа типі

Н. Назарбаев БҚО-дағы жұмыс сапарының қорытындысы бойынша брифинг өткізді

Бүгін, 24 қазан Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Батыс Қазақстан облысындағы жұмыс сапарының қорытындысы бойынша брифинг өткізді, деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Батыс Қазақстан24 Қазан , 15:06

«Менің Батыс Қазақстан облысына сапарым аяқталды. Енді мен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысу үшін Минскіге барамын. Ресей Федерациясының бірқатар өңірімен шекаралас жатқан Батыс Қазақстан облысы үшін интеграция мәселесі өзекті мәселе болып саналады. Облыс тұрғындары өзара сауданы жандандыруды, адамдар мен капиталдың еркін қозғалысын қамтитын өздері үшін тиімді жайттарды тікелей сезінеді. Бүгінгі жағдайда экономикалық интеграцияның объективті қажеттілік екенін тағы да қайталаймын», – деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы интеграциялық процестер қазірдің өзінде тұрақты өсім көрсетіп отырған облыс дамуының қосымша факторы екенін жеткізді.

« Кейбір көрсеткіштер жөнінен облыс республикадағы жетекші өңірлер арасында келеді. Мектепке дейінгі және орта білім беру саласында жақсы көрсеткіштер қамтамасыз етілген. Әлеуметтік нысандар, жолдар салынуда, газдандыру жұмысы жүргізілуде. Осының бәрі облыста лайықты жұмыстар жасалып жатқанын білдіреді. Сонымен қатар мен атап өткен кемшіліктер де бар. Оларды түзету керек. Өңірдің тұрғындарына мен шын жүректен табыс және бақ-береке тілеймін», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.         

 

 

 

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика