ҚР ИИДМБ

ИИДМБ: «Ютария Ltd»ӨИК» ЖШС-ның екі жобасы Индустрияландыру картасына енді

«Ютария Ltd»ӨИК» ЖШС-ның екі жобасы Индустрияландыру картасына енді, деп хабарлады «Ютария Ltd»ӨИК» ЖШС» компаниялар тобының құрылтайшысы, бас директор Сәуле Шәуенова.
Казахстан18 Тамыз , 15:18

«Көптеген дамыған мемлекеттерде жеңіл өнеркәсіпке үлкен көңіл бөлінеді. Жұмыс істеп жатқан ИИДМБ  аясында еліміздің көптеген жеңіл өнеркәсіп саласындағы кәсіпорындар оны пайдалана алмады. Біз үш жобаны жүзеге асырдық, оның 2-уі Индустрияландыру картасына енді. Олардың барлығы жеңіл өнеркәсіпті дамытуға бағытталған», – деді ол.

Оның айтуынша, мемлекет ДСҰ-ға ену, ЕАЭО аясындағы интеграция аясында кәсіпкерлер өз бетімен шеше алмайтын проблемалардың түйінін тарқатуға көмектескенін қалайды.

«Бұл салада шығын көлемін азайтатын аспектілерге көбірек дең қойылуда. Шаралардың барлығы еңбек өнімділігін арттыруға, өнімнің бәсекеге қабілетті болуына және баға бойынша халық үшін қолжетімді болуына бағытталады», – деп түсіндірді С. Шәуенова.

Айта кетерлік жайт, «Ютария Ltd» өндірістік инновациялық компания»ЖШС   ҮИИД мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруда ШОБ саласында көш бастап тұр. Оның екі жобасы Индустрияландыру картасына енді. Олар моноқалаларда жүзеге асырылған және үшінші жоба «Астана – жаңа қала» еркін экономикалық аймағында жүзеге асырылу барысында. Жалпы, «Ютария Ltd» өндірістік инновациялық компания»ЖШС» компаниялар тобында барлығы 641адам жұмыс істейді.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика