Мәдениетті жаңғырту

Алматылықтар мен мегаполис қонақтары үшін Қала күніне 50 шара дайындалды

Биылғы жылғы мерекенің ауқымы мен тақырыбы әжептәуір өзгерді. Қалалықтарды көптеген дамыту, әдеби, театр және спорт шаралары, жастар кәсіпкерлігі аясындағы, сондай-ақ Алматы қаласының әкімдігі дайындап жатқан дәстүрлі көпшілік іс-шаралар күтуде, деп хабарлады Қазақстан пресс-клубы.
Алматы қаласы18 Тамыз , 20:43

Мерекені алматылықтарға танымал әрі жұрттың ықыласына бөленген «Оркестрлер шеруі» ашады, ол Республика Сарайы алдындағы Абай алаңында 25 – 27 тамыз аралығында өтеді.

Мұнан соң, көпшілікке белгілі ArtbatFest басталады, ол қаланы « Жер тынысы» - «Воздух Земли» деген атпен топтастырылған заманауи өнер шығармаларымен, қазіргі қазақстандық және шет ел суретшілерінің туындыларымен көркейтпек. ArtbatFest бір айдан соң аяқталады

Көптеген іс-шаралардың ішіндегі «Қарбыз фестивалі» 29 тамыз күні Қазақ халық музыка аспаптары мұражайының алдындағы алаңда өтеді; Алматының жер асты орнындағы концерттер «Метродағы музыка» (7-15 қыркүйек); қалалықтарға арналған AppleQest – «Алматының аңыздары мен әпсаналары» (тапсырыс жинау 7 - 12 қыркүйек аралығында, ал ойынның өзі 13 қыркүйекте өтеді ). Ойынның қатысушыларына Алматы музейлеріндегі бірқатар тапсырмаларды орындап, сұрақтарға жауап беруге, кілтін тауып, сұрақ-жауаптың шешуін шешуге тура келеді.

Сонымен қатар, 15 тамызда «Алтын қалам» әдеби фестивалі басталды және қазақстандық жазушылар мен ақындар үшін KALAMGER.KZ интернет-алаңшасы жұмыс істей бастады. Бұдан басқа, Қала күні аясында «KITAP FEST» кітап фестивалі, «Алматы - оқырмандар қаласы», « Әлемнің кілті - кітапта», «Алматының атақты адамдары кітап және кітап оқу туралы» акциялары және «Алматымды жырлаймын» атты тақырыптық кітапханалық іс-шаралар өтеді.




Яндекс.Метрика