Евразиялық одақ

Е.Хон: Қырғызстанның ЕАЭО-ға енуі мүше мемлекеттердің экономика белсенділігін арттыруына жағдай жасайды

ЕАЭО шекарасын Қырғызстан есебінен кеңейту қосымша мүмкіндіктер береді және тауарайналымының белсенділігін арттыруға жағдай жасайды, деп ағынан жарылды ҚСЗИ экономикалық зерттеулер бөлімінің меңгерушісі Евгений Хон ОКҚ-да.
Астана қаласы18 Тамыз , 13:22

«Жасыратыны жоқ, үстіміздегі айдың елеулі жаңалығы ол ЕАЭО туралы келісімге Қырғызстан Республикасының қосылуы туралы келісімнің күшіне енуі болып табылады. Еуразиялық кеңістіктегі интеграциялық процестердің тереңдеуі серіктестіктің жаңа белесін ашады – оның ішінде жақын көршісі Қазақстан үшін. Екі ел арасындағы серіктестік әрқашан жоғары деңгейде болды. ЕАЭО шекарасын Қырғызстан есебінен кеңейту қосымша мүмкіндіктер береді және тауарайналымының белсенділігін арттыруға жағдай жасайды», - деді  Е.Хон.

Сарапшының айтуынша, ЕАЭО шекарасын кеңейту екі ел арасындағы сауда қарым-қатынасын бір жолға салады.

«Қырғызстан Қазақстанның маңызды сыртқы сауда серіктесі болып табылады. Екі елдің арасындағы тауар айналымы 2010 аяғынан бастап 2013 жыл аралығында 2 есе, яғни 480 млн долл-дан 938 млн долл-ға дейін артты», - деді Е.Хон.

Айта кетерлік жайт, Қырғызстанға негізінен бидай өнімдері, мұнай мен көмір экспортталады. Ал, Қырғызстаннаң киім-кешек, сүт өнімдері мен көкеністер импортталады.

Анар Тәңірқұлова




Яндекс.Метрика