Қалаларға шоғырлану

Астанада демалыс күндері мектеп жәрмеңкесі өтеді

Астанада алдағы демалыс күндері мектеп жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлады елорданың ресми сайты.
Астана қаласы18 Тамыз , 13:46

Аталып өткендей, 22 және 23 тамыз күндері елорда тұрғындары мен қонақтары қалалықәкімдік ғимаратының алдында ұйымдастырылатын мектеп жәрмеңкесіне қатыса алады. 

«Алаңда 20 сауда шатыры орнатылып, Астана, Көкшетау, Қарағанды, Алматы  мен Шымкенттік кәсіпкерлер оқулықтар, кеңсетауарлары, мектеп формасы, спорттық киімдер мен аяқ киімдердің үлкен таңдауын ұсынады», - делінген хабарламада.

Бұдан бөлек, барлық қатысушылар үшін концерттік бағдарлама мен балаларға арналғанойын алаңы ұйымдастырылады. Сонымен қатар, барлық қатысам деушілер үшін заң жәнемектеп мәселелерін шешу бойынша қоғамдық қабылдау жасалады.

Мектеп жәрмеңкесі Астанада сегізінші жыл  өтіпжатқан жыл сайынғы «Мектепке жол» акциясының аясында өтеді. Осы уақытаралығында 31 мыңнан астам балаға жалпы сомасы 276 млн 835 мың теңгегематериалдық көмек көрсетті. Демеушілер мен меценаттардың есебінен 97 млн 731 мың теңгенің көмегі жасалды. «Мектепке жол» елордалық акциясы Астанада 1 тамыздан 30 қыркүйекке дейін өтеді




Дерекнама

Яндекс.Метрика