Халықаралық интеграция

ҚДБ халықаралық Несие нарықтар қауымдастығына кірді

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес құрылымы «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ (бұдан әрі – Банк, ҚДБ)халықаралық Несие нарықтар қауымдастығына (Loan Market Association, бұдан әрі – LMA) кірді.Оның қызметі ең алдымен Еуропаның, Таяу Шығыстың және Африканың бірлестірілген қарыздар нарықтарының тиімділігін, анықтылығын және өтімділігін арттыруға бағытталған, деп хабарлады банктың баспасөз қызметі.
Казахстан18 Тамыз , 12:26

Бұл қадам Банкпен инвестициялық жобаларды бірлесіп қаржыландыруды енгізу шеңберінде жасалды. Қауымдастырылған LMA мүшелігі ҚДБ-ға осы қаржы құралын дамытуға байланысты кең заңдық және статистикалық деректерге қол жеткізу, сондай-ақ пайдалы іскери қарым-қатынастар құру мүмкіндігін береді.

Сонымен қатар, жаңа қаржы өнімін іске қосу мақсатында ҚДБ несие үдерістерінің ішкі ережелеріне өзгертулер енгізді, атап айтқанда, «бірлестірілген қаржыландыру», «банктер синдикаты» сияқты жаңа ұғымдар енгізілді, бірлестірілген қарыздар есебінен қаржыландырылуға жоспарланатын жобаларды қарастыру тәртібі жете реттелді. 

«Бірлестірілген несие беруді дәріптеу Қазақстандағы капиталды қажет ететін, жүзеге асыру жағынан техникалық және технологиялық күрделі индустриялық жобаларды қаржыландыруды жаңа сапалы деңгейге шығарады. Бұл қаржы құралы несие синдикаттарына қатысушы-банктерге тәуекелдерін бөлісумен қатар, жобаларға бұрынғыдан да сапалы жетекшілік ету, ал қарыз алушыларға өз кезегінде – шарттары тиімді ұзақ мерзімді қаржыландыруға қол жеткізу мүмкіндігін береді», - деді «ҚДБ» АҚ Басқарма Төрағасы Болат Жәмішев. 

 




Яндекс.Метрика