Адамзаттық капитал

«Достастық жауынгері» байқауының үздік нәтижелері мен жоғарғы ұпайлары ҚР ҚК әскери қызметшілерінің еншісінде (ФОТО)

«Отар» 40-ншы әскери базасында өтіп жатқан достас армиялардың әскери қызметшілері арасындағы әскери-кәсіби шеберлікті айқындайтын «Достастық жауынгері» VII халықаралық байқауының алғашқы сайыс қорытындысы бойынша қазақстандық әскери қызметшілер бірінші орынды жеңіп алды, деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Казахстан 18 Тамыз, 11:37

«Кәсіпқой», «Атлет», «Эрудит» сайыстарының қорытындылары бойынша АРД кедергі жолағын игеруден, Ф-1 гранатасын дәл лақтырудан және дене даярлығынан машықтанған дағдыларын көрсеткен әскерилер арасында Қазақстан армиясының әскери қызметшілері үздік нәтижелер көрсетті.

Атап айтсақ, әскери қызметші ер-азаматтар арасындағы үш байқаудың қорытындысы бойынша бірінші орынды 97616 әскери бөлімінің взвод сержанты сержант Орынбек Сандыбеков (57 ұпай, Қазақстан), екінші орынды 68665 әскери бөлімінің взвод сержанты аға сержант Рүстем Сәтжанов  (52 ұпай, Қазақстан), үшінші орынды – 62295 әскери бөлімінің барлаушы-мергені қатардағы жауынгер Вадим Ветошкин (47 ұпай, Ресей) иеленді.

Сонымен қатар, әскери қызметші әйелдер арасында бірінші орын – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің өкілі – 85510 әскери бөлімінің экспедиторы кіші сержант Людмила Губареваға (44 ұпай) бұйырды, екінші орынды – 22277 әскери бөлімінің байланыс взводы радиостанциясының радиотелеграфисі қатардағы жауынгер Елена Луткова (38 ұпай, Ресей Федерациясы) еншіледі, үшінші – 97020 әскери бөлімінің далалық байланыс торабы және ЗАС аға радиотелеграфисі ефрейтор Анна Ковалевская (37 ұпай, Белорусь Республикасы) болды.

 Бүгін 6 елдің әскери қызметшілерімен 100 метрге жүгіру жарысы, күштік жаттығулар, АК-74 қалыпты ұрыс күйіне келтіру және оның тексеру, әскери-спорттық атыс, жалпы әскери қорғаныс кешенін кию, сондай-ақ суық қаруды лақтыру және нысананы көздеу жарыстары өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, достас армиялардың әскери қызметшілері арасындағы әскери кәсіби шеберлікті айқындайтын «Достастық жауынгері» атты халықаралық байқау ТМД елдерінің Қарулы Күштерінің базасында жыл сайын өтеді. Биыл жарысқа Қазақстан, Армения, Белорусь, Қырғызстан, Ресей Федерациясы және Тәжікстан Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері қатысуда.
 





Дерекнама

Яндекс.Метрика