Инвестициялар

KAZ Minerals пен Cat Financial 50 млн долл несие желісі беру бойынша келісімге отырды

KAZ Minerals Тобы Caterpillar Inc. бөлімшесі - Caterpillar Financial Services (UK) Limited (“Cat Financial”) тарапынан сомасы $50 миллион жаңартпалы несие желісін беру жөніндегі келісімге қол қойды, деп хабарлады баспасөз қызметінен.
Астана қаласы18 Тамыз , 11:29

«Несиелік желінің қолжетімді мерзімі - қол қойылған күннен бастап 3 жыл. Аталған мерзім аяқталған соң қарыз тоқсан сайынғы мөлшері тең төрт төлеммен өтелуі тиіс. АҚШ доллары бойынша LIBOR мөлшерлемесінен жоғары 4,25% деңгейіндегі пайыздық мөлшерлеме несиелік желі бойынша нақты игерілген сомаға қолданылатын болады. Қаржылық ковенанттар банктер синдикаты ұсынған қолданыстағы экспорт алдындағы несие желісіне ұқсас»,  - делінген хабарламада.

KAZ Minerals Тобының қаржылық директоры Эндрю Саузам атап өткендей, Cat Financial-дың жаңа несиелік желісі KAZ Minerals компаниясын жаңа кәсіпорындарымыз салынып жатқанда және олар толық қуатына шыққанға дейін қосымша өтімділікпен қамтамасыз етеді. Сонымен қатар Топтың қарыз алу портфелін кеңейтеді.

Айта кетерлік жайт, Caterpillar Inc. – Топтың Бозшакөл және Ақтоғай өркендеу жобаларына арналған тау кен жабдықтарын негізгі жеткізуші болып табылады. 




Яндекс.Метрика