Адами капитал

М.Елеусінов: «Мерейлі отбасы» байқауы жас отбасыларға отбасылық өмірдің үлгілі үлгісін көрсетеді

Бұл байқаудың артықшылығы ол арқылы жас отбасыларға отбасылық өмірдің үлгілі үлгісін көрсетуге болады, деп ағыннан жарылды «Мерейлі отбасы» байқауына қатысқан отбасының отағасы Марат Елеусінов «Strategy2050.kz» АА берген эксклюзивті сұхбатында.
Астана қаласы18 Тамыз , 10:58

«Біздің отбасымыз «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауына қатысты. Оның басты артықшылығы байқау арқылы жас отбасыларға отбасылық өмірдің үлгілі үлгісін көрсетуге болады. Біз спорттық отбасы ретінде байқауға қатыстық, салауатты өмір салтын насихаттадық. Байқауға қатысу үшін біздің отбасы қажетті барлық құжаттарды, мұрағаттағы суреттерді, балаларымыздың жетістіктерін  жинастырды», - деді Қазақстан құрамасының капитаны Данияр Елеусінов пен кәсіпқой баксшы Дәурен Елеусіновтың әкесі.

Естеріңізге сала кетейік, жыл сайынғы «Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауы адамгершілік құндылықтарды және неке мен отбасының жағымды образын қалыптастыру, отбасы мәртебесін көтеру мақсатында Мемлекет басшысының Өкімімен бекітілген.

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика