Ұлттың денсаулығы

Алматыда Қазатомпромның XV Спартакиадасы өтуде

Алматыда «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның ХV Спартакиадасы ашылды. Салтанатты рәсімге Холдингтің құрылымдық бөлімшелері мен еншілес және бағынышты кәсіпорындарының атынан 21 команда қатысты.
Алматы қаласы18 Тамыз , 10:41

«21 тамызға дейін өтетін Спартакиадаға Астана, Алматы қалаларынан және Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Ақмола, Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарынан келген Қазатомөнеркәсіптің 800-ден астам қызметкері қатысуда. Спорт алаңдарында атом саласы кәсіпорындарының намысын қорғайтын мықты атлеттер ең үздікті анықтау үшін сынға түседі», - деп хабарлады ұлттық компанияның баспасөз қызметі.

Сайыстар спорттың 9 түрі бойынша өтеді: бадминтон, мини-футбол, жеңіл атлетика, волейбол, баскетбол, шахмат, блиц-шахмат, бильярд, үстел теннисі.  

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Асқар Жұмағалиев жарыс қатысушылары мен қонақтарына өзінің құттықтауын жолдады.

«Құрметті әріптестер, сіздерді осынау спорт мерекесімен құттықтаймын! Мен компаниямызда осыншама спортшылар бар екендігін мақтаныш етемін. Спортты серік еткен ұжым – нағыз жеңімпаз ұжым. Спорт бізді мақсатқа талпынушылыққа, батылдыққа, шыдамдылыққа тәрбиелеп, бір командада жұмыс істей білуге үйретеді. Бұл тек спортта емес, сонымен бірге кәсіби салада да жеңістерге жетуге көмектесетін маңызды қасиеттер. Барлықтарыңызға көтеріңкі көңіл күй, сәтті старттар, жоғары көрсеткіштер және жеңіс тілеймін!» - делінген ұлттық атом компаниясы басшысының құттықтауында.




Яндекс.Метрика