Көліктік-логистикалық жүйенің дамуы

Қазақстан арқылы Қытай-Еуропа-Қытай бағыты бойынша өтетін транзиттік контейнерлік пойыздар саны үш есе артты

Жыл басынан бері Қазақстан аумағы арқылы өтетін транзиттік контейнерлік пойыздар саны үш есеге жақындады. 2014 жылы Қазақстан аумағы арқылы өткен контейнерлік транзиттік пойыздар саны 80-ғана болса, биылғы жылғы жеті айда 234 пойыз жасақталып, үш есеге артқандығы байқалды, деп хабарлады «ҚТЖ»ҰК»АҚ баспасөз қызметі.
Казахстан18 Тамыз , 10:23

Жыл қорытындысы бойынша, 40 мың контейнерден тұратын 510 контейнерлік пойыз жасақтау жоспарланып отыр.  Көрсеткіш 2011 жылмен салыстырғанда 40 есеге жоғары болып отыр.

Қазіргі таңда әлемдік экономикалық дағдарысқа байланысты дәстүрлі бағдардағы жүк тасымалының төмендегендігі жасырын емес. Соған байланысты «ҚТЖ» ҰК» АҚ басшылығы жаңа транзиттік үш бағдарға  басымдық беріп отыр. Оның ішінде Шығыс-Батыс (Қытай –Еуропа -Қытай), ТРАСЕКА (Қытай-Түркия –Кавказ елдері),Солтүстік-Оңтүстік (Қытай- Ресей- Индия, Парсы шығанағы елдері) бағдары таңдалды.

Ұлттық компания жүрдек контейнерлік пойыздарды ұйымдастыру арқылы  сыртқы нарыққа өз қызметін ұсына бастады. Контейнерлік тасымалдың артуы теңіз тасымалына қарағанда соңғы жылдарғы құрлық арқылы жүк тасымалдауға көңіл аударылғандығы себеп болып отыр. Оның ішінде ең үлкен сұранысқа ие болып, табысты жүргізіліп жатқаны Қытай-Еуропа-Қытай бағдары.

2011 жылдан бері Қазақстан аумағы арқылы Қытайдан Еуропаға  тұрақты контейнерлік пойызы жүре бастады. Содан бері тасымалдау көлемі 17 есеге артты. Оны өткізу белгіленген кестеге сай, тауарларды қысқа мерзімде «есіктен-есікке дейін» тәртібімен 14-15 тәулікте жеткізеді.

Биылғы шілде айында Шихэцзы (Қытай) – Достық –Ақтау порты (Қазақстан) –Кишлы (Әзербайжан) аумағы арқылы тұңғыш контейнерлік пойызы ұйымдастырылды. Бұл арқылы Қытайдан шыққан жүктерді Кавказ елдері, Еуропаға, Түркияға жеткізуге болатындығы дәйектелді.

Оның сыртында Солтүстік- Оңтүстік көлік дәлізін барынша тиімді пайдалану мәселесі қарастырылуда. Түрікменстан, Иранның қатысуымен бәсекелестікке сай, қосымша жүк ағындарын тарта отырып, оларға жеңілдіктер қарастыру мәселесі алдыңғы қатарда тұр.




Яндекс.Метрика