Урбанизация және өңірлер дамуы

Астана кәсіпорындарының жыл басынан бері байланыс қызметінен түскен пайдасы 2 млрд теңгеден асып жығылды – ҚР ҰЭМ

Астана кәсіпорындарының почталық және курьерлік қызмет көрсетуден түскен табысы 2318,5 млн. теңгені құрады, бұл өткен жылғы сәйкес кезең деңгейінен 2,6 есеге жоғары, деп хабарлады ҚР ҰЭМ Статистика комитеті.
Астана қаласы20 Тамыз , 10:04

2015 жылғы қаңтар-шілдеде қаланың байланыс кәсіпорындары 81706,9 млн. теңге сомасына қызмет көрсетті.

Аталып өткендей, 2015 жылғы қаңтар-шілдеде байланыс қызметінен түскен табыстар құрылымында 61,6%-ын жедел әрекетті байланыс алады, интернет - 21,1%, қалааралық және халықаралық байланыс түрлері - 1,4%, жергілікті телефон байланысы - 2,2%, өзге де байланыс түрлері 13,7%-ды құрады.

«Табыстардың жалпы көлемінен 65%-ы халыққа байланыс қызметін көрсетуден түсті және 53139,2 млн. теңгені құрады, бұл 2014 жылғы сәйкес кезеңдегі деңгейден 16,1%-ға төмен», – делінген хабарламада. 




Дерекнама

Яндекс.Метрика