Президент тапсырмаларының орындалуы

Қайрат Мәми қазақстандық соттардың проблемаларын анықтады

Жоғарғы Соттың төрағасы Қайрат Мәми бейнеконференция жүйесі арқылы облыстық, аудандық сот жетекшілерімен сот этикасы туралы жиын өткізді, деп Жоғарғы Соттың баспасөз қызметі хабарлады.
Астана қаласы24 Қазан , 14:50

«Қ. Мәми шешуін табатын сот жүйесінің проблемаларына тоқталды. Мәселен,оң шешім қабылданғаннан кейін елде сот актілеріне өзгертулер енгізу көбейген. Республикада 9,5 пайыз акт қайта шағымға түсіп қаралды,  оның әрбір 2-шісінің сот шешімі артқа қалдырылды», - деп хабарламада нақтыланған.

2013 жылдың 9 айы бойынша аудандық соттарда әділетсіз шешім 1796 адамға қабылданған, ол өткен жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 2 пайызға жоғары. 6 мыңға жуық сот шешімі  қараудан өтпеді.

Қ. Мәмидің айтуынша, кейбір облыстық соттар өздері шеттетіліп қалған. Ал бірінші инстанциядағы соттар ешқандай тәжірибелік көмек алып жатқан жоқ.

«Ағымдағы жылы 2 мың адам сот қателігінің кесіріне ұшырады. Бұл сот саласы билігінің беделін төмендетіп отыр». – деді Қ. Мәми.

 




Яндекс.Метрика