Өңірлер

ҚР-да сомасы 235,3 млрд. теңгеге 33 562 объект пен бағалы қағаздар жария етілді – Қаржы министрлігі

Қазақстанда 2014 жылдың 14 тамызындағы жағдай бойынша сомасы Сомасы 235,3 млрд. теңгеге 33 562 объект пен бағалы қағаздар жария етілді, деп хабарлады ҚР Қаржы министрлігі.
Казахстан18 Тамыз , 09:32

Аталып өткендей, мүліктерді жария ету жөніндегі ҚР аумағында мүлікті жария ету бойынша жергілікті атқарушы органдардың жанындағы комиссияға жалпы сомасы 431,4 млрд тг құрайтын жылжымайтын мүлікті жария етуі үшін 45 166 өтініш түсті.

«Сомасы 235,3 млрд. теңгеге 33 562 объект пен бағалы қағаздар жария етілді», - делінген хабарламада.

Мүліктерді жария ету бойынша салық органдарына ҚР аумағынан тысқары, сомасы 636,5 млн тенге құрайтын 18 тұрғын үй объектісін жария ету бойынша өтініш келіп түсті. Сомасы 636,5 млн. теңгеге 17 объект  және бағалы қағаздар жария етілді.

ҚР ҰБ есеп деректері бойынша екінші деңгейлі банктердің 13.08.2015 жылғы жағдайы бойынша жалпы сомасы 74,6 млрд.теңге ақшаны жария етуге  159 жинақ шот ашылды, оның ішінде ақшаны жария еткені үшін алымның бюджетке 2,9 млрд.теңгесін төлей отырып, жинақ шоттан алынғаны 29,2 млрд.теңге. ҚР экономикасына инвестицияланғаны 37,7 млрд. теңге.

13.08.2015 жылына сәйкес 1-Н есебінің деректері бойынша «Мүлікті жария ету үшін алым» 206110  коды бойынша бюджетке іс жүзінде 3,0 млрд.теңге түсті.




Яндекс.Метрика