Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы

ИИДМБ: СҚО-да ағымдағы жылы 90 млрд теңгеге 60-тас астам жоба жүзеге асырылуда

СҚО-да Индустрияландыру картасының екiншi бесжылдығы басталды. Облыста сомасы 90 млрд. теңгеден асатын 60-тай жобаны жүзеге асыру көзделiп отыр, деп хабарлады аймақ әкімдігінің баспасөз қызметі.
Солтүстік Қазақстан18 Тамыз , 08:59

Жалпы өңiрлiк өнiмнiң көлемi 143,3 млрд. теңгенi құрады.

«Биылғы жылдың қорытындысы бойынша облыстағы ЖӨӨ-нiң нақты өсiмiн экономиканың барлық салаларында, ең алдымен ауыл шаруашылығында өндiрiс көлемiн арттыру есебiнен 103,4 пайыз деңгейiне жеткiзу жоспарлануда»,-дедi өңiр басшысы.

2015 жылдың бiрiншi жартыжылдығында ауыл шаруашылығының жалпы өнiмiнiң көлемi 5,6 пайыз өсiммен 36,3 млрд. теңгенi құрады. Мал шаруашылығын дамытуға бағытталған “Сыбаға”, “Құлан”, “Алтын асық” бағдарламалары табысты дамуда.

2015 жылы Индустрияландыру картасының екiншi бесжылдығы басталды. Облыста сомасы 90 млрд. теңгеден асатын 60-тай жобаны жүзеге асыру көзделiп отыр. Егер бiрiншi бесжылдықта олар 65,9 млрд. теңгенiң тауарын шығарса, тек осы жылдың бiрiншi жартыжылдығында ғана өнiм көлемi 10,4 млрд. теңгеден асты.

“Бизнестiң жол картасы — 2020” мемлекеттiк бағдарламасы бұрынғысынша кәсiпкерлiктi қолдаудың басты тетiгi болып табылады. Өңiрлiк үйлестiру кеңесi үстiмiздегi жылдың 6 айында бағдарлама аясында бизнес субъектiлерiнiң бюджеттiк көмек көрсетуге арналған 86 өтiнiмiн мақұлдады.

«Облыста туризм саласын дамытуға ерекше назар аударылып отыр. Осы мақсатта үстiмiздегi жылдың наурыз айында Солтүстiк Қазақстан облысының туризмiн дамытудың шеберлiк жоспары және оны жүзеге асырудың шаралар жоспары бекiтiлдi. Бүгiнгi күнi “100 нақты қадам“ Ұлт жоспары аясында Айыртау ауданындағы Шалқар және Имантау көлдерiнде жағажай, сауықтыру туризмiн дамыту мәселесi қаралуда»,-дедi өңiр басшысы Ерiк Сұлтанов.

Солтүстiк Қазақстан облысы әлемнiң 70-тен астам елiмен байланыс жасайды. Үстiмiздегi жылдың 5 айында облыстың сыртқы тауар айналымы 77,6 млн. АҚШ долларын құрады, оның iшiнде экспорт — 40,4 млн. АҚШ доллары, импорт — 37,2 млн. АҚШ доллары. Облыстың негiзгi экспорттық тауары бидай мен ұн, ол жалпы экспорттың 78,2 пайызын құрайды. Негiзiнен, машиналар мен құрал-жабдықтар, көлiктер, сондай-ақ, машина жасау саласының дайын өнiмдерiн өндiру үшiн жинақтайтын бұйымдар импортталады.

Үстiмiздегi жылғы 6 айда барлығы 31,5 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берiлдi, ол өткен жылдың сәйкес мерзiмiмен салыстырғанда 104,3 пайызды құрайды.

«“Нұрлы Жол” бағдарламасы шеңберiнде облысымыздың автомобиль жолдарының желiсiн дамыту және жақсарту жөнiнде зор мiндет қойылып отыр. Үстiмiздегi жылы жергiлiктi мақсаттағы автомобиль жолдарына сомасы 5,2 миллиард теңге болатын жөндеу жұмыстарын атқару жоспарланған», - деді СҚО әкімі. 




Яндекс.Метрика