Өңірлер

Павлодарлық компания барлық облысты арнайы киімдермен қамтамасыз етіп келеді

«КазПрофБезопасность» компаниясы БЖК-2020 бағдарламасы бойынша келісімге отырып, тұтынушыға өнім жеткізу үшін жаңа ГАЗель автокөлігін сатып алды, деп хабарлады «Даму»қоры.
Павлодар18 Тамыз , 08:37

Аталып өткендей, «КазПрофБезопасность» компаниясы отандық нарықта 10 жылдан аса жұмыс істеп келеді. Өндіріс негізінен арнайы киімдер, аяқ киімдер мен жекеше қорғану құралдарын шығарады.

Компания басшысы Данияр Ерланұлы Алпысбаев өндіріс үшін ең маңызды фактор – адам ресурстары деп санайды. Әрбір жұмыс берушінің міндеті – жұмыс орнында ыңғайлы жағдай мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Сондықтан компания миссиясы – кез-келген сала, ке-келген көлемдегі кәсіпорынға еңбектің қауіпсіздігі мен жоғары еңбек өнімділігін арттыруға жағдай жасау.

«КазПрофБезопасность» ЖШС 2009 жылы көптеген кәсіпорындардың жабылып, банкротқа отырып жатқанына қарамастан, компания өзінің жоғары технологиялы және жоғары сапалы өнімдерін шығарып, сонымен қатар адамдарды жұмыспен қамтамасыз етті. Бүгінде компанияда 50 астам адам жұмыс істейді. Кәсіпорында 2 цех жұмыс істейді: бірінде - киім, екіншісінде - аяқ киімдер тігіледі.

2010 жылы компания бір реттік киілетін комбинезондар шығара бастады. Өндірісте ресейлік және беларуссиялық маталар пайдаланылады. Еуропалық және халықаралық стандартқа сай ағылшын матасынан тігілген костьюм үлгілері тігіледі. Компания ассортименте бас киімдер, жазғы және кысқы костьюмдар, дәнекерлеушілер мен металлургтерге арналған киімдер, халаттар, медициналық және аспаздарға арналған жиынтықтар, қолғаптар шығарылады.

Бүгінде компанияның тұрақты тұтынушылары қатарында: «Богатырь Комир» ЖШС, «Майкубен-Вест» ЖШС, Екібастұз СЭС, Қазақстан аллюминиі, Электролиз зауыты, ОДТ Казахтелеком, «Кастинг» ЖШС. Өнімдер сондай-ақ басқа облыстарға жіберіледі: Ақмола облысына – «Степногорск тау-кен химия комбинаты» ЖШС, «Қазақалтын тау-кен металлургиялық концерні» АҚ, Маңғыстау облысында – «Теңіз бұрғылау» ЖШС.

Өнеркәсіп басшысы Алпысбаев Даниярдың айтуынша, мемлекет қолдауынсыз компания бүгінгі күндегідей қарқынды дамымас еді. «Бизнесті дамыту және жеке секторларды дамытуға бағытталған Президент саясатының арқасында жоспарымызды іске асыра алдық. Біздің өндіріс көлемін ұлғайтуға, меншікті ғимаратымызды сатып алуға арналған жоба «Бизнес жол картасы – 2020» (БЖК-2020) бағдарламасына енгізілді. Бұл жоба Павлодар облысындағы жеңіл өнеркәсіптің дамығандығын, шағын бизнестің дамығандығын сондай-ақ әлеуметтік тиімділігі болғандықтан, біз 50 жұмыс орнын құруға мүмкіндік алдық. 2001 жылы біз жалпы көлемі 580 шаршы метр ғимарат сатып алдық. Нысан 3 деңгейлі: жер асты бөлігінде - қойма жайлар; бірінші қабатта – кеңсе мен сауда залдары; екінші қабатта – 3 цехтан тұратын өндіріс орналасқан. БЖК-2020 бағдарламасы бойынша біз несие мөлшерлемесі 14 пайыздан 7 пайызға дейін азайтылған әрі 7 пайызын Қор кепілдігімен мемлекет төлейтін субсидиялау келісім-шартына қол қойдық. Мемлекет көмегі мен қолдауы біздің қарыздарды өтеудегі шығындарымызды айтарлықтай қысқартты. Осының арқасында біз бүгінде меншікті қаражатымызға жаңа үлгілер мен жаңа өндірістерді іске қосуға шикізаттар мен жабдықтар сатып алу мүмкіндігіне қол жеткіздік. 2012 жылдың мамыр айында БЖК-2020 бағдарламасы бойынша келісім жасалып, тұтынушыға өнім жеткізу үшін жаңа ГАЗель автокөлігі сатып алынды», - деді Д.Алпысбаев. 




Дерекнама

Яндекс.Метрика